-
Ибн Рушд Әбу-л-Уәлид Мұхамед
(1126-1198) - латындық тілдегі Аверроэс, ортағасырлық араб философы, ғалым. Кордово халифаты тұсында Испанияда тұрған. Мұсылмандық діннен ажырамаған И.Р. екіұдайлы ақиқат туралы ілімнің негізін қалады. Ол мұсылмандық теолог Әл-Газалидің қатаң сынына ұшырады. И.Р. Аристотель шығармаларына жазған комментариялары еуропалық философтардың антикалық философиямен танысуында үлкен рөл атқарды. Аверроэс немесе аверроизм ілімі мұсылмандық және христиандық ортодокциялар тарапынан қатаң қадағаланды. Ә.-л-У.М.ибн Р. Материя мен қозғалыстың мәңгіліктігін және олардың жаратылмағандығын (құдаймен «мәңгі бірлігін») дәлелдеді, жеке адам жанының өлмейтіндігі мен о дүниелік өмірді жоққа шығарды. Негізгі шығармалары: «Терістеуді терістеу», «Философия мен дін ара байланысына қатысты шешімді ұстанған пікір».
-
Ибн Сина Әбу Әли Хусейн Ибн Абдаллах
(980-1037) – латындық тілдегі Авициена, ортағасырлық тәжік философы, дәрігер және ғалым. Бұқара мен Иранда өмір сүрген. Исламдықты жадына қатаң ұстаған И.С. көзқарасы араб елдері арасында кең жайылып үлкен рөлге ие болды және осы арқылы антикалық әлемнің философиялық және ғылыми мұрасы ретінде еуропа елдеріне тарады. И.С. философиясы метафизика, гносеология және логика салалары бойынша «Шығыс Аристотелизмі» дәстүрін, бір жағынан неоплатондық концепциясын дамытады. Оның пікірінше, тек Құдай ғана абсолюттік тіршілікке ие, қалғандарының бәрі де өздігінше тек мүмкін нәрселер ғана, олардың болмысқа енуі тек құдайдың құдіретімен болатын құбылыс. Ол рационалды ойлауды тұжырымдау, жаратылыстану және математикалық ілімдерді насихаттау үшін көп еңбек сіңірді. Өзінің философиялық ілімінде ол Аристотельдің материалистік және идеалистік тенденциясын сақтады. Ол бірегей заттар көптүрлілігінің себебі ретінде материяның мәңгілігін мойындады және астрологиялық немесе басқада наным-сенімдерге қарсы болды. Ә.-л-У.М.ибн Р. Қос ақиқаттылық ілімінің негізін қалады. Негізгі шығармалары: «Данеш-намэ» «Ілім кітабы» - И.С. логикалық және физикалық көзқарастарының қысқаша мазмұнына ие. «Сауығу кітабы», «Дәрігерлік канон», «Өсиеттер мен кеңестер кітабы» және т.б.
-
Ибн-Баджа
(1070-1139) – араб ғалымы, философ (аристотелизм өкілі), мемлекет қайраткері, ақын, музыкант, дәрігер, мұсылмандық Испаниядағы шығыс перипатетизмінің көшбасшысы. Аристотель еңбектеріне түсіндірме жазумен қатар, философиядан да бірқатар терең мазмұнды шығармаларды дүниеге алып келді. Соның ішіндегі аса маңыздыларының бірі «Қоштасу жолдауы». Аталмыш кітапта бастапқы қозғалыс, адамның мақсаты және оның «әрекетшіл ақыл-оймен» сондай-ақ «Бірігушінің өмірлік ұстанымы» мен бірігуі туралы сауалдарды қарастырады. И.Б. осы еңбегінің атауы оның философиялық ілімін айқындап береді. Адамның «әрекетшіл ақыл-оймен» тұтастыққа жетуін И.Б. «бақыт» деп қарастырады. Философ немесе философтар тобы бақытқа қалай қол жеткізе алады немесе олар қоғам шеңберінде жоғары интеллектуалдық және адамгершілік қасиеттерін қалай меңгереді. Бұл жердегі көзделіп отырған негізгі мәселе дана-философтардың бақытқа жету жолдары жайында болмақ. И.Б. мемлекет саяси бірлестік ретінде бақытқа жету үшін керек табиғи қажеттілік, онда тұрғындар өздерінің табиғи қабілеттілігіне сай басқарушылар және бағыныштылар болып бөлінеді. Мемлекет пен тұлғаның өзара тәуелділігін қарастыра келе И.Б. бақытқа ұмтылушы адамдар арасындағы байланысты орнатып, осы талпыныстың мемлекет арқылы жүзеге асырылуын қадағалады. Платон мен Аристотель ілімдеріндегі мемлекеттің жетілген және жетілмеген типтеріне сүйене отырып, И.Б. оның екі альтернативті қызметін бөліп көрсетті. Бірінішісі, негізгі мақсат – бақытқа жетуді жетілген мемлекет азаматтарының басшылығымен жүзеге асыру, екіншісі жетілмеген мемлекеттегі негізге қол жеткізу үшін кезекті шарт ретінде жеке мақсаттарға жетуге ықпал ету. Сонымен қатар, ғалымның ойынша, шынайы бақытқа «бірігу» арқылы қол жеткіземіз. Олай болса жетілмеген мемлекет оған кедергі келтірсе, жетілген мемлекет – ол үшін тек қолайлы жағдай туғызады. Шығармалары: «Қоштасу жолдауы», «Бірігушілердің тіршілік бейнесі», «Жан туралы кітап», «Ақылдың адаммен бірігуі туралы жолдау».
-
Ибн-Туфейл
(латынша Абубацер), (XII ғ басы - 1185) ғалым, дәрігер, магрибиндік бағыттың (арабтілді перипатетизмнің) өкілі. XII ғ басында Кадис қаласында дүниеге келген. 1154 жылдан бастап Солтүстік Африкада тұрып, Әбу Якуб Жүсіп деген халифтің отбасылық дәрігері болған. 1185 жылы Марракеште қайтыс болған. И.Т. көзқарасына Ибн Синаның шығармашылығы айтарлықтай ықпал етті. Олай дейтін себебіміз, біздің заманымызға дейін келіп жеткен Авиценна екеуінің бір аттас шығармалары (Хайе және Якзанның ұлы туралы роман). Романның негізгі концепциясы - халифтердің игі ниетті қатынасы - интеллектуалдарды қудалау мен дін басылары ықпалының өсуін, кітаптарды өртеп және сенімсіздік таныту арқылы жазалаумен алмасқан дәуірде өмір сүрген андалуздық философтардың көңіл-күйін бейнелеуге негізделген. И.Т. әл-Киндиден бастау алған «таңдаулы» философтарды ақиқатты білім тән емес ар-ождансыз «халықтан» бөлу дәстүрін жалғастырды.
-
Ибн-Халдун Абдар-Рахман Абу Зейд
(1332-1406) - арабтық мемлекеттік және қоғам қайраткері, мәдениет тарихшысы, әлеуметтанушы философ. «Арабтық Маркс» деген атпенде танымал. И.Х. жеке әлеуметтік пән ретінде қоғамдық даму теориясын жасаған. Ұрпақтардың ауысу үдерісіндегі қоғамдық болмыстың адамдарға ықпалын, өркениеттердің көтерілу және құлдырау жүйесін қарастырды. Мемлекеттердің пайда болу себептерін, олардың дамуы мен ыдырауы жайында талдау жасады. И.Х. өркениеттердің тарихи айналымына қатысты тұжырымында географиялық орта мен әлеуметтік-экономикалық факторлардың дамуына ерекше көңіл бөліп қарастырды. Мемлекеттегі басқару сипаты мен мәдениеттің даму деңгейі И.Х. бойынша қоғамдық еңбек бөлінісі деңгейі және басқарушылар мен бағынушылардың байсалдылық дәрежесімен жанаса қамтылған. Негізгі шығармалары: «Дүниежүзілік тарих», «Философия тарихына кіріспе», Көптомды «арабтар, парсылар, берберлер және қазіргі таңдағы өзгеде құдіретті халықтардың тарихынан мәліметтер және мысалдарды оқыту кітабы».
-
Кенен Әзірбаев
Халық ақыны, әнші, халық композиторы. Қазақ өнеріндегі сал-серілік және айтыскерлік дәстүрлерді үзбей, 20 ғ-дың 70-жылдарына дейін жеткізген өнерпаз, Қазақстанның халық ақыны (1961), Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері (1956). Қазақ, қырғыз арасындағы белгілі жиындарға қатысып, айтысқа түскен, ән сайысына араласқан. Кенен – ең алдымен әнші-ақын. 150-дей ән толғап, оның өлеңін жазды. Оның көптеген әндерінде халық өмірін, еңбек адамдарының көңіл-күйін, арман-мүддесін, үлкен суреткерлікпен бейнеледі. Оның әндерінен терең сыршыл сезім, адамгершілік әуен, табиғи шынайылық айқын аңғарлады, сондықтан да ақын-композитордың «Бозторғай», «Көкшолақ», «Базар-Назар», т.б. әндері халық сүйіп айтатын мәңгілік рухани қазынаға айналған. Композитордың ән шығармашылығының негізгі тақырыбы – ел өмірі. Ол ел өміріндегі маңызды оқиғалар мен тарихи кезеңдерге әрқашан құлақ түріп, оған өз үлесін қосып, отырды. Кенен айтыс жанрына ерте араласқан. Ол қазақ халқының айтыс өнерінің насихатшысы, осы өнерді кейінгі ұрпаққа жеткізуші-тәлімгер ұстаз бола білді. Дастан жанрын да жастайынан жырлаған. «Шөпке барғанда» (1898), «Құдалар» (1920), «Әли батыр» (1916), «Қырғызбай» (1916-17), «Кенебай - Кербез» (1936), «Бұрынғы өткен батырлар» (1947) т.б. толғау дастандары бар. Ол – жыр алыбы Жамбылмен жарты ғасырдай бірге жүріп, жаңа дәуірді асқақтата жырлаған замана жырауы. Өлеңдері: «Бозторғай», «Көкшолақ», «Он алтыншы жыл», «Қайран едім», «Аттан», «Бұлбұл», «Өмірімнің әндері», «Шығармалар жинағы», «Аңыздар сыры». Дастаны: «Қырғызбай».
-
Конфуций
(б.э.д. 551-479) – Ежелгі Қытай ойшылы, педагог, конфуйцишылдықтың негізін қалаушы. Рас аты Кун Эту, Кун Чжунни, әдебиеттердегі жиі кездесетін аты – Кун Фу-цзы. Көп жанды кедей отбасынан шыққан. Өз білімін жетілдірумен айналысқан, өзін мемлекеттік қызметтен көруге тырысқан, бірақ сәтсіз болған: бірнеше жоғарғы әкімшілік қызметтерде көрінгенмен ұзаққа созылмаған. 13 жыл бойы өз ілімін насихаттау мақсатында ел кезгенмен өз идеяларына қолдау таппаған. Б.э.д. 484 ж. Лу патшалығына қайтып келіп, ежелгі шығармаларды өңдеумен айналысқан және өз ілімінде дамытып шәкірттеріне мұра еткен. К. «Чунь цю», яғни «Көктем мен күз» тарихи жазбасының алғашқы жазушысы болып есептеледі, ал оның көзқарастары «Лунь юй» «Әңгімелер мен пікірлер» жылнамасына жинақталған. К. философиялық жүйесі өзінің бағыттылығымен этикалық-әлеуметтілік болып табылады, ал оның мақсаты – қоғамдық идеалды анықтау мен оны жариялаудың жолдары. К. ізбасарларының бірі Сюньцзи бұл идеалды «жетілген мінсіз басшының басқаруы – цзюнь цзи – қайырымды ерлер» деп сипаттайды.
-
Қашқари Махмұт
Қарахан қағанатының гүлденген дәуірінде өмір сүрген философ. Ол өзінің 1072-1083 жж жазылған «Дивани лұғат ат-тюрк» (Түрік тілінің сөздігі») еңбегінде түрік рулары мен тайпаларының тілі, әдет-ғұрпымен қатар, олардың тарихы мен саяси өмірінен де мол мағлұмат береді. Ол адамдардың қоғамдық өміріндегі адамгершіліктің, тәрбиенің, білімнің маңызына назар аударып қана қоймай, рулар арасындағы қарым-қатынасты реттеу мен бекітудегі қуатты тетік ретінде тілдің рөліне үлкен көңіл қояды. Қоғамдық өмір мен мемлкетті нығайтуда түрік философының айтуынша, ер мінезділік, адалдық, патриотизм және т.б. адамгершілік қадір-қасиеттер маңызды орын алады. Сонымен қатар, түрік халықтарының бір-бірімен жақындасуы мен қатынасуының негізгі құралы ретінде Қашқари ана тілінің маңызды рөлін баса көрсетеді.
-
Лао Цзы
(шамамен ҮІ-Ү ғғ.) – ежелгі қытай философы, даосизмнің аңызға айналған негізін қалаушысы, Чжоу мемлекетінің басты сәулеткерлігімен айналысып жүріп Кунфуцзыны кездестірген, оған сабақ берген. Патшалықтың құлауын көрген соң қызметін тастап, батысқа кеткен, кетерінде сақшылық басшысына бес мың иероглифтен тұратын «Дао цзин» трактатын тастап кетеді. Л. Хань династиясынан бастап Лао цзюньге дейін жоғарғы даолық құдірет деп трансформациялаған. Қытайда «варварлардың ағартушылығы» теориясы пайда болғаннан бастап, Л. буддизмнің таралуына ықпал етті. Оның ілімі даоға – орталықтық категория ретінде сүйенеді. Дао – аталмайды, анықталмайды, барлығының көзі әйелдік бастама, барлық тіршілік иесі, сонымен бірге адам үшін табиғи эталон. Л. бойынша, адам туылған, білім алған және өзінің бес сезіммін қанағаттандыру үшін орындаған түрлі әрекеттерінен соң табиғилығынан айрылады.
-
Моцзы немесе Мо Ди
(б.э.д. 479-381) – көптеген жақтаушылары бар ежелгі Қытай философиялық мектебінің негізін қалаушы. М. конфуцийшылдыққа қарсы болды, оның есептеуінше, алдын-ала болжанған тағдыр жоқ, ол түбірінде «аспандық ерік» бар, адамның «жалпы махаббат» цзань-ай принципін жүзеге асыруына байланысты. Ол адамдарды бір-біріне көмектесуге, пайдалы еңбекпен айналысуға, зорлық пен соғыстардан бас тартуға және қоғамдағы орны мен жағдйына қарамастан ел басқаруға ақылды, әрі лайықты адамды тартуға шақырды. М. мистицизмге сүйенгенмен, оның ілімінен кейбір материалистік элементтерді аңғаруға болады. Оның тұжырымдауынша, біздің біліміміз шындықты зерттеп, игеруімізден құралады.