Шығыс шайырлары
-
Кенен Әзірбаев
Халық ақыны, әнші, халық композиторы. Қазақ өнеріндегі сал-серілік және айтыскерлік дәстүрлерді үзбей, 20 ғ-дың 70-жылдарына дейін жеткізген өнерпаз, Қазақстанның халық ақыны (1961), Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері (1956). Қазақ, қырғыз арасындағы белгілі жиындарға қатысып, айтысқа түскен, ән сайысына араласқан. Кенен – ең алдымен әнші-ақын. 150-дей ән толғап, оның өлеңін жазды. Оның көптеген әндерінде халық өмірін, еңбек адамдарының көңіл-күйін, арман-мүддесін, үлкен суреткерлікпен бейнеледі. Оның әндерінен терең сыршыл сезім, адамгершілік әуен, табиғи шынайылық айқын аңғарлады, сондықтан да ақын-композитордың «Бозторғай», «Көкшолақ», «Базар-Назар», т.б. әндері халық сүйіп айтатын мәңгілік рухани қазынаға айналған. Композитордың ән шығармашылығының негізгі тақырыбы – ел өмірі. Ол ел өміріндегі маңызды оқиғалар мен тарихи кезеңдерге әрқашан құлақ түріп, оған өз үлесін қосып, отырды. Кенен айтыс жанрына ерте араласқан. Ол қазақ халқының айтыс өнерінің насихатшысы, осы өнерді кейінгі ұрпаққа жеткізуші-тәлімгер ұстаз бола білді. Дастан жанрын да жастайынан жырлаған. «Шөпке барғанда» (1898), «Құдалар» (1920), «Әли батыр» (1916), «Қырғызбай» (1916-17), «Кенебай - Кербез» (1936), «Бұрынғы өткен батырлар» (1947) т.б. толғау дастандары бар. Ол – жыр алыбы Жамбылмен жарты ғасырдай бірге жүріп, жаңа дәуірді асқақтата жырлаған замана жырауы. Өлеңдері: «Бозторғай», «Көкшолақ», «Он алтыншы жыл», «Қайран едім», «Аттан», «Бұлбұл», «Өмірімнің әндері», «Шығармалар жинағы», «Аңыздар сыры». Дастаны: «Қырғызбай».
-
Конфуций
(б.э.д. 551-479) – Ежелгі Қытай ойшылы, педагог, конфуйцишылдықтың негізін қалаушы. Рас аты Кун Эту, Кун Чжунни, әдебиеттердегі жиі кездесетін аты – Кун Фу-цзы. Көп жанды кедей отбасынан шыққан. Өз білімін жетілдірумен айналысқан, өзін мемлекеттік қызметтен көруге тырысқан, бірақ сәтсіз болған: бірнеше жоғарғы әкімшілік қызметтерде көрінгенмен ұзаққа созылмаған. 13 жыл бойы өз ілімін насихаттау мақсатында ел кезгенмен өз идеяларына қолдау таппаған. Б.э.д. 484 ж. Лу патшалығына қайтып келіп, ежелгі шығармаларды өңдеумен айналысқан және өз ілімінде дамытып шәкірттеріне мұра еткен. К. «Чунь цю», яғни «Көктем мен күз» тарихи жазбасының алғашқы жазушысы болып есептеледі, ал оның көзқарастары «Лунь юй» «Әңгімелер мен пікірлер» жылнамасына жинақталған. К. философиялық жүйесі өзінің бағыттылығымен этикалық-әлеуметтілік болып табылады, ал оның мақсаты – қоғамдық идеалды анықтау мен оны жариялаудың жолдары. К. ізбасарларының бірі Сюньцзи бұл идеалды «жетілген мінсіз басшының басқаруы – цзюнь цзи – қайырымды ерлер» деп сипаттайды.
-
Қашқари Махмұт
Қарахан қағанатының гүлденген дәуірінде өмір сүрген философ. Ол өзінің 1072-1083 жж жазылған «Дивани лұғат ат-тюрк» (Түрік тілінің сөздігі») еңбегінде түрік рулары мен тайпаларының тілі, әдет-ғұрпымен қатар, олардың тарихы мен саяси өмірінен де мол мағлұмат береді. Ол адамдардың қоғамдық өміріндегі адамгершіліктің, тәрбиенің, білімнің маңызына назар аударып қана қоймай, рулар арасындағы қарым-қатынасты реттеу мен бекітудегі қуатты тетік ретінде тілдің рөліне үлкен көңіл қояды. Қоғамдық өмір мен мемлкетті нығайтуда түрік философының айтуынша, ер мінезділік, адалдық, патриотизм және т.б. адамгершілік қадір-қасиеттер маңызды орын алады. Сонымен қатар, түрік халықтарының бір-бірімен жақындасуы мен қатынасуының негізгі құралы ретінде Қашқари ана тілінің маңызды рөлін баса көрсетеді.
-
Лао Цзы
(шамамен ҮІ-Ү ғғ.) – ежелгі қытай философы, даосизмнің аңызға айналған негізін қалаушысы, Чжоу мемлекетінің басты сәулеткерлігімен айналысып жүріп Кунфуцзыны кездестірген, оған сабақ берген. Патшалықтың құлауын көрген соң қызметін тастап, батысқа кеткен, кетерінде сақшылық басшысына бес мың иероглифтен тұратын «Дао цзин» трактатын тастап кетеді. Л. Хань династиясынан бастап Лао цзюньге дейін жоғарғы даолық құдірет деп трансформациялаған. Қытайда «варварлардың ағартушылығы» теориясы пайда болғаннан бастап, Л. буддизмнің таралуына ықпал етті. Оның ілімі даоға – орталықтық категория ретінде сүйенеді. Дао – аталмайды, анықталмайды, барлығының көзі әйелдік бастама, барлық тіршілік иесі, сонымен бірге адам үшін табиғи эталон. Л. бойынша, адам туылған, білім алған және өзінің бес сезіммін қанағаттандыру үшін орындаған түрлі әрекеттерінен соң табиғилығынан айрылады.
-
Моцзы немесе Мо Ди
(б.э.д. 479-381) – көптеген жақтаушылары бар ежелгі Қытай философиялық мектебінің негізін қалаушы. М. конфуцийшылдыққа қарсы болды, оның есептеуінше, алдын-ала болжанған тағдыр жоқ, ол түбірінде «аспандық ерік» бар, адамның «жалпы махаббат» цзань-ай принципін жүзеге асыруына байланысты. Ол адамдарды бір-біріне көмектесуге, пайдалы еңбекпен айналысуға, зорлық пен соғыстардан бас тартуға және қоғамдағы орны мен жағдйына қарамастан ел басқаруға ақылды, әрі лайықты адамды тартуға шақырды. М. мистицизмге сүйенгенмен, оның ілімінен кейбір материалистік элементтерді аңғаруға болады. Оның тұжырымдауынша, біздің біліміміз шындықты зерттеп, игеруімізден құралады.
-
Мұхтар Әуезов
Жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі қоғам қайраткері, ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын артттыруға, әдеби тілді байытуға ересен еңбек сіңірген ұлы жазушы. Жазушының әңгімелеріне тән оқиғалық, тартыстық жүйелер драмалық шығармаларында кездеседі. Бұл да суреткердің өмір ақиқатын неғұрлым шыншыл әрі толық бейнелеу ниетінен туған көрініс. Творчестволық жолының алғашқы кезеңінің өзінде-ақ Әуезов көп қырлы талантын айқын танытты. Ол бұл тұста, әсіресе, көркем прозаның майталман шебері болып қалыптасты. Өмір оқиғаларын қаһарман мінезімен ұштастырып, қайталанбас сом тұлғалар жасау дәстүрін тереңдетті, прозаның әңгіме-повесть түрлерін жетілдірді. Тарихи тақырыпты да, заман шындығын да өзіне ғана тән өрнектеп жырлайтын арнаға түсті. Ол қазақ әдебиетінде драматургия жанрының негізін салушылардың бірі. "Еңлік-Кебек", "Қаракөз", "Түнгі сарын", "Ақ қайың", "Тас түлек", "Тартыс", "Алма бағында" сияқты шығармаларында кеңес адамдарының жаңа өмір қалпын, жасампаз еңбегін бейнелейді. Осы салаға ерекше көңіл бөліп, қаламгерлік жолының әр кезеңінде бас-аяғы жиырмаға жуық пьеса жазды. Оның "Абай жолы" роман-эпопеясы - бүкіл кеңес әдебиетінің аса көрнекті шығармасы. Романның идеялық-көркемдік биік жетістігін жер жүзінің прогресшіл әдебиет, өнер қайраткерлері жоғары бағалады. Француз жазушысы Л. Арагонның: "Эпикалық "Абай" романы... ХХ ғасырдағы ең мәнді романдардың бірі", - деген сөздері демократиялық бағыттағы шетел жазушыларының ортақ лебізі болып естіледі. Бұл пікірлер роман - қазақ әдебиетінің зор жетістігі болғанын дәлелдейді. Дүние жүзінің отыздан астам тіліне аударылып жарық көрген бұл шығарма миллиондаған оқырманды сусындатып, оларға ұлы Абайды, Абай арқылы қазақ халқын паш етті. Әуезов тек қана жазушы емес, қазақ әдебиет ғылымының ірі теоретигі, абайтанудың негізін салушы. Ол түркі тілдері әдебиетінің тарихы жөнінде терең ғылыми зерттеулер жасады. Оның қаламынан әлемдік және орыстың тамаша классикалық әдебиетінің, бауырлас халықтар әдебиетінің танымал шығармаларының тәржімелері туды. Жазушы, академик, тұңғыш драматург, талантты романист, білгір сыншы, белгілі қоғам қайраткері".
-
Мэнцзы
(шаммаен б.э.д. 372-289) – Конфуцийдің көрнекті ізбасары. Оның көзқарастары «Мэнцзы» кітабында берілген. Ол өзінің философиялық көзқарасын идеалистік ұстанымымен ұштастырған. М. есептеуінше, танымның негізгі процесі сезімдік қабылдау мен сезінуде емес, ақылдың қатысуында. Мораль мен этика адамның табиғи сапасынан шығады. Этикалық-моралдық ұстанымдар адам табиғатына тән, ол «аспаннан» - жоғарғы мақсатты бағыттаушы күштен пайда болады. Сонымен бірге, ол «туа біткен қабілет» және «туа біткен ілімнің» бар екенін мойындады. Ол өзінің әлеуметтік-саяси көзқарастарында, халықтың ұсыныстары мен талабтарына жауап бермесе, оның орнын ауыстыра алуға құқылы басқарушының бағынушы рөлі мен халықтың басқарушы рөлі туралы ойларды баса айтып, жеке прогрессивті жағдайларды баяндады. М. елдердің бірігуіне шақырды. Оның ілімі феодалдық Қытайдың идеологиясына келелді ықпалын тигізді.
-
Нагарджуна
(б.э. 2 ғ) - үнді ойшылы, «орталық буддалық философиялық мектеп мадхьямиканың (орталық ілім) негізін қалаушы, махаяна мектебінің өкілі. Буддизмде Н. Архат 14-ші Патриарх және Бодхисаттва болып табылады. Оған «Екінші Будда» деп құрмет көрсетуде қалыптасқан. Н. Философиясының негізі қоршаған ортаның жалған, алдамшы, яғни «бос кеңістік» (шунят) ілімінен құралған. Н. Вайбхашики, ньяя, санкхья және т.б.ілімдерге сыни көзқараспен қарап, қарсыласының философиялық жағдайының абсурдтылығына мәлімет тәсілін қолдану арқылы танылды. Ол өз заманындағы философиялық жүйелердің негізгі категориялары: объект пен субъектінің, болмыс және биболмыстың, қозғалыс және уақыттың қарама-қайшылығы мен біржақтылығын айтып өтеді. Өз ілімін «орта жол» деп атай отырып, Н. Тезис сияқты антитезичті, тұтас субстанция сияқты жекелеген дхарманы да теріске шығарады. Н. Интуитивті ақыл ойдан жоғары білім ілімін дамыта отырып, буддистік интуитивизмнің негізін қалаушы болып саналды. Сонымен қатар үнді ойшылы метафизикалық тартыстардағы өзіндік диалектикалық ерекшелігімен танылды. Н. диалектикасы скептиктер мен элеаттар диалектикасына жақын. Егер элеаттар үшін Тұтастыққа ақыл арқылы жетуге болатын болса, Н. танымдағы ақылдың рөлін теріске шығарады. Оның пікірінше, ақыл-ой шешілмейітін қарама-қайшылықтарға алып келеді. Қазіргі таңда буддологияның тұтас бір саласы – Нагарджуноға кіріспе қалыптасқан. Негізгі шығармалары: «Н-Сутралары» немесе «Н-шастра».
-
Науаи Әлішер Низаммаддин
(9.2.1441-3.1.1501) – түркі халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткері. Ә.Н. 15 жасында түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын блгілі ақын болды. Гератта, Мешхедте, Самархандта оқып, логика, философия, математика пәндерінен мағлұмат алды. өзінен бұрынғы Фирдауси, Низами, Дехлауи, Хорезми, Саиф Сараи, замандастары Атаи, Саккаки, Лутфи, Лутфи шығармашылығымен танысты. Ол шығармашылық жұмыспен айналысып, «хәмсә» жырлар тобына енетін «Жақсылардың таңдануы» (1843), «Фархад пен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті әлем» (1484), «Ескендір дуалы» (1485) атты шығармаларын жазды. Ә.Н. «хәмсәсінің» Низами, Дехлауи, Жәми «хәмсәларынан» ерекшелігі – араб-парсы тілінде емес, түрік-шағатай тілінде жазфлуы, халықтың ой-арманына, мақсат-мұратына жақындығы. 1488-1501 жж арасында көптеген ғылыми және көркем шығармалар жазды. Олардың ішінен тарихи-өмірбаяндық («Әджам патшаларының тарихы», «Саид Хасан Ардашердің өмірі», дидактикалық-философиялық («Құстар тілі», «Көңілдердің сүйгені»), әдеби-теор. («Өлең өлшем»), лингвист. («Екі тілдің таласы»), әлеуметік-экономикалық («Вақфия»), діни-ғұрыптық («Пайғамбарлар мен хакімдердің тарихы», «Мұсылмандық нұры», «Гауһарлар шоғыры») туындыларын атауға болады. 40-мың жолдық «Ой қазынасы» аталатын кітабы төрт жинақтан тұрады: «Балалық базары», «Жастық жарасымы», «Егделік ерсілігі», «Қарттың өсиеттері». Парсы тілінде 12 мың жол өлеңін «Диуани фани» деген атпен дербес жинақ етіп құрастырды. «Бес қайрат» кітабын ұстазы Абд әр-Рахман Жәмиге арнады. 15 ғ-да өмір сүрген 400-шайырдың шығармашылығынан мәлімет беретін «Ғажайып мәжілістер» кітабын жазды. Ә.Н. шығармалары 15 ғ-дың өзінде Мауеренахр мен Хорасанда ғана емес, Иран, Әзербайжан, Шығыс Түркістан, Үндістан, Мысыр, түркі елдеріне, кейіннен Еуропа мен Америка кітапханаларына тарады. 20 ғ-да науаитану қазірде дербес ғылым саласына айналды.
-
Омар Хайам
(шамамен 1048- 1113және 1132 аралығы) – толық аты - Гийяс ар-Дин Абу-л-Фатх Омар ибн Ибрахим Хайам Нишапури – ирандық ойшыл, энциклопедист, философ, математик, астроном, ақын. Х. Авициенаның «Көңіл аудару» шығармасын арабшадан парсыға аударғандығы үшін перепатетикалық жағынан да танымал. Оның философиялық және жаратылыстанулық трактаттары - арабша, рубаилары – парсыша жазылған. Х. 11 ғ. Иранның мәдени орталықтарының бірі – Нишапурада, танымал қолөнерші жанұясында дүниеге келген, сондағы аристократиялық медреседе классикалық мұсылмандық білім алады, ары қарай Балх және Самаркандта физика, астрономия, математика, философия, тарих, құрантану, заң, медицина, филология, музыка теориясы мен өлең құрау теориясын кәсіби түрде меңгерді, антикалық мұраның білгірі болды, Аристотель, Евклид, Архимед және т.б. арабшаға аударды. Х. үйленбеген, балалы болмаған, уақыт өте қарым-қатынас аясы да тарылып, бірнеше ғана шәкіртпен шектелген.Өмірінің соңғы кезінде ол рухани бөлектену, жалғыздық пен терең интеллектуалды қанағатсыздыққа ұшырады. Оның өлімі туралы мәліметтер сақталмаған, бірақ оның қорымы Нишапурада әлі күнге дейін өте танымал. Х. бастыстықтардың бағалауынша тек шығыстық классик ғана емес, - ол бұқаралық деңгеймен қатар элитарлық мәдениет деңгейі ретінде де еуропалық менталитетпен керемет үндесесуші. Еуропада да, Америкада да Х. ізбасарларының клубы жұмыс істейді, оның аты ұсынылған үлкенді-кішілі дүңгіршектер бар немесе тарихи айғақ ретінде бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстағы ағылшын солдаттары арасында «Рубайаттардың» кең көлемде таралуы. Х. еуропалық тілдерге аударудың тарихы еуропалық әдебиеттануда хайамистиканың бүтін бір дәстүрін құрайды: М.Никола Францияда, Д.Росс Англияда, Ф.Розен және Х.Ремпис Германияда, В.А.Жуковский Ресейде, А.Кристенсен Данияда және т.б. Негізгі шығармалары: «Болмыс және парыздану туралы трактат», «Үш сұраққа жуап: әлемдегі қарама-қайшылықтың қажеттілігі, детерминизм және мәңгілік», «Жалпы ғылымдар пәні туралы ақыл нұры», «Талап қажеттілігінің кітабы», «Арифметиканың қиындығы» және т.б. Негізгі ақын-жыраулық шығармасы: 400 жуық өлеңдер, төрт қатарлы афористикалық жанрдағы – рубаилар.
-
Рамакришна
(шын есімі – Гадалхар Чаттерджи) (1836-86) – индуизм реформаторы. Үндістанның қоғам қайраткері. Р. Бүкіл адамзаттық бірегей дінді уағыздады; оның алғышарттары веданта мен шакти-тантрадан алынған. Ол ведантаның әртүрлі мектептерін ымыраластыруға тырысып, оларды иогтік рухани тәжірибелердің сатылары түрінде көрсетті. Болмыстың ең жоғарғы негізін ішкі айырмашылықтардан ада абсолют (ниргуна брахман) деп тани отырып, ол сонымен бірге дүниенің жалғандығы тұжырымдамасына қарсы шықты. Қоғамдық қызметті ол тым тар шеңберде түсінді және негізінен филантропия мен жалпыға бірдей «рухани жетілу» туралы ойластыруға ден қойды. Р. Ақшаның құдіреттілігімен, жат жерлік басқыншылардың зорлық-зомбылығымен және т.б. ерекшеленетін «темір құрсаулы ғасырдың» (кали-юг) қасіреттерін жоюдың кілті осында деп білді. Оның «кали-юг» туралы айтқан пікірлері, ағылшындардың отаршылдық үстемдігінің зардаптарын әшкерелеуі ұлтты наным арқылы қайта өрлеуге әкеледі деген аңғалдық сеніммен ұштасады. Р. Уағызы отаршылдық тәртіптерге қарсы енжар наразылық шегінен шықпады. Дегенмен феодалдық идеологияның сарқыншақтары болған көптеген діни секталар мен діни ілімдер жайлаған сол кездегі Үндістан жағдайында оның бірегей дінді насихаттауы ұлттық бірлікке шақырған өзінше бір ұран тәрізді естілді.
-
Рудаки Әбу Абдаллаһ Жафар ибн Мұхаммед
(860-941) – тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы, философ. Заманында «Ақындар атасы» атанған. Туындыларының ішінен бізге жеткені «Шарап туралы» қасида, «Кәрілік туралы» ода, 40-қа жуық әр түрлі жанрдағы жырлар. Шығармаларының негізгі идеялары – адам өмірін жырлау. Бұл дәстүр өзінен кейінгі шығыс әдебиетіне зор әсер етті. Ә.-л-Х.Р. өмірдің сәнді, салтанатты жағын, жақсылықты, кіршіксіз таза махаббатты мадақтады, адам бойындағы асыл қасиетті жырлады. Ә.-л-Х.Р. өлеңдері қазақ жұртшылығына ертеден таныс. Ақынның гуманистік сарындағы шығармалары Абай Құнанбаевқа үлкен ықпал жасады. Ә.-л-Х.Р.өлеңдері Қ.Бекхожин, Ғ.Орманов, Т.Жароков, Т.Шопашаев, Қ.Жұмағалиевтердің аудармасы арқылы қазақ тілінде жеке кітап болып шықты.
-
Тагор Рабиндранат
үнді ақыны, Калькуттегі ауқатты отбасының он төрт баласының сүт кенжесі. Оның әкесі Махариши Дебендранат Тагор брахман болған. 14 жасында анасынан айрылған Т. жалғыздыққа мойынұсынып тұйықталып қалады. 8 жасынан бастап өлең жазумен әуестенген ол үндістанның мыңғасырлық бай мәдени мұрасын өзіне шабыт етеді. 1878 жылы оның «Ақын тарихы» атты эпикалық поэмасы жарық көреді, ары қарай «Кешкі әуендер», «Таңғы әуендер» атты поэтикалық жинақтары оның поэтикалық танымал ақын болуына жол ашты. Т. Тек өлеңдер жазумен ғана емес, романдар, әңгімелер, Үнді тарихы туралы кітаптар, педагогика сұрақттары бойынша мақалалар мен оқулықтар жазумен де шұғылдана бастады және оң нәтижелерге қол жеткізді. 1913 жылы Т. «терең сезімге жетелейтін, жан толғанысын ашатын, ерекше және керемет өлеңдері және аса шеберлікпен өрнектеген ақындық ойлау стилі үшін» әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері атанды. Тағайындалған ақшалай сыйды өз мектебінің қорына аударды. Т. батыста ақын ретінде танымал болғанымен, ол көптеген пьесалардың авторы, олар 1913 ж. ағылшын тілінде жинақ болып басылып шықты. Т. Үндістанның 4 университетінің және Оксфорд университетінің құрметті докторы. 1941 жылы Калькутте ұзақ мерзімге созылған аурудан қайтыс болды. Т. өз халқына өз тілдерінің құдіреттілігін, халық мұрасына деген мәдени көзқарас пен адамның өзіне деген сенімділігі туралы сарқылмас күш қалдырды.
-
Тань Сытун
(1865-1898) – қытай философы, 19 ғ-дың аяғындағы буржуазиялық-реформаторлық қозғалыстың идеологы. Өзіндік философиялық көзқарастарын Қытайдағы буржуазыиялық-революциялық қозғалыстың дамуында зор рөл атқарған «Жэнь-сюэ» («Ізгілік тупалы ілім») деген кітабында баяндады. Т. реформаторлардың талаптарын теория жүзінде негіздеуге ұмтылды. Т. ілімі дәстүрлі қытай философиясының идеяларын Батыс Европаның кейбір жаратылыстану ғылымының түсініктерімен ұштастыру болып табылады. Оның ілімінің негізгі ұғымы – «жэнь» - этникалық норманы ғана емес, сонымен қатарметафизикалық принципті де білдіреді. «Жэнь» эфирдегі барлық құбылыстар мен заттардың өзара ықпалының біріктіруші факторы болып табылады. Т. этика мен моральдың қоғамдық нұсқаларға тәуелді екенін айтты. Оның көзқарастары дәйекті болмады. Т. ілімінде ғылыми түсініктер – дінмен, материализм – идеализммен, диалектика – метафизикамен араласып жатыр.
-
Томирис, Тұмар
Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Еуразия даласын мекендеген скиф-сақ тайпаларының бірі массагеттердің батыр, жауынгер әйел патшасының аты. Т. ешкім алдына қарсы шығып, тоқтата алмаған парсы патшасы Кирге қатты соққы беріп, әскерін талқандап, өзін қолға түсірген. Бұл оқиға туралы әйгілі тарихшы Геродот өзінің «Тарих» шығармасында (б.з.д. 440–430 ж.ж.) былай дейді:
«Парсыларды жеңгеннен кейін массагеттер падишасы Томирис торсыққа толтырып қан құйғызып: «Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын!» деген сөздер айтып, оған Кирдің басын салдырған.» Т. Бейнесі – рәміздік бейне. Ол көне көшпенділер мәдениетіндегі еркін де қайсар әйел бейнесінің рәмізі, әйелге деген ілтипатты қатынастың көрінісі. -
Торайғыров Сұлтанмахмұт
(28.10.1893, қазіргі Солт. Қазақстан обл. Уәлиханов ауд. – 21.5.1920, Павлодар обл. Баянауыл ауд.) – ақын, ағартушы. Т-тың 3 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр к-не таяу жерге қоныстанған. Т. алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Т-тың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қалам- герді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалып- тасуына негіз болған. 1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Т. енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан ол 1916 жылдың күзіне дейін әуелі Қатонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді. 1916–17 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көте- ріледі. «Шәкірт ойы» өлеңінде «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды», «Мұздаған елдің жүрегін жылытуды» армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классик. үлгілерімен, саяси кітаптармен танысты. 1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, «Алаш ұранын» жариялады. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап, 1918 ж. сәуірде еліне біржола оралады. Онда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп жұмысына араласып, ел шаруаларының дау- шарларын әділ шешуге қатынасты. Т. 1912 жылдан бастау алатын шығарм- ның жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. «Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады», тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирик. кейіпкердің жан сырын, іс- әрекетін суреттеуге ұмтылады. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет- ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді («Осы да әділдік пе?», «Бір адамға», т. б.). Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирик. жырлар туындатты. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби- сын мақалалар жазды, екі роман («Қамар сұлу», «Кім жазықты?»), төрт поэмасын [«Таныстыру» (1917–18), «Адасқан өмір» (1918), «Кедей» (1919), «Айтыс»] жариялады. Т. «Қамар сұлуда» әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеум. тұрғыда талдаса, «Кім жазықты?» романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ хал- қының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды. Т. поэма жанрын жаңа арнада дамытты. Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой-түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттау- ға тырысты. Алғашқы поэмасы «Таныстыруда» Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеді. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтарды таныстырып, олардың «бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – ай» екендігін жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолын- дағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкәрімді ерекше атап көрсетеді. «Адасқан өмір»,
«Кедей» поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады.
Шығ.: Толық шығ. жин., Қ-о., 1933; Таңд. шығ. – А., 1957, 1987; Избр. – А., 1958; Шығ. жин. 3 томдық. – А., 2002–05. -
Төле Би, Төле Әлібекұлы
(1663, қазіргі Жамбыл обл. Шу өңірі, Жайсаң жайлауы – 1756, қазіргі Оңт. Қазақстан обл. Төле би ауд. Қазығұрт өңірі) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Т. б. Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын Жеті жарғының қабылдануына ат салысты. Ордабасы жиыны кезінде Т. б. басшылық жасап, жоңғар басқыншылығына қарсы бүкіл- халықтық тойтарыс беруге ұйтқы болды. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясатты жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, аза- мат қатарына қосуда Т. б-дің қызметі орасан. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда оны тұтқыннан босатуда Т. б. белсенділік танытты. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Әбілқайыр хан мен Т. б-дің Орынбор әкімш-нен Абылайды
470
тұтқыннан босатуға өтініш жасағандығы айтылады. Қазақтың үш жүзінен Т. б. бастаған 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Т. б. ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанды. Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салды. 1734 ж. Ресей патшасы Анна Иоанновнаға және 1749 ж. Орынбор губернаторы И. Неплюевке хат жолдап, бодандықты қабылдауға ризашылық танытты. Бұл сол тарихи кезеңде шарасыздан жасалған қадам болатын. Ол жоңғар шапқыншылығынан титықтаған халықтың жағдайын жақсартуды бірінші кезекке қойды. 1748 ж. орыс сауда керуені тоналғанда, бұған кінәлі Қойгелді батырды билер алқасына шақыртып, оған бұл шы- ғынды жұрт көзінше төлеттіреді. 1748 ж. Әбілқайыр хан қаза тапқанда оның баласы Ералы сұлтан әкесінің құнын даулап Т. б-ге шағымданады. Т. б. Әбілқайырдың өлімі үшін айыпкерлердің Жеті жарғы заңына сәйкес жеті құн төлеуі туралы шешім шығарады. Ералы айыпкерлерден екі құн алып, төрт құнды кешіреді де, әкесін өлтіруге қатысушылардың бірі Сырымбет батырды жетінші құн орнына өз қолымен өлтіреді. Әбілқайырдың балалары бұған да тоқтамай, Барақ сұлтанның жауапқа тартылуын Т. б-ден сұрайды. Бас сауғалап қашып жүрген Барақ сұлтан Т. б-ге өзі келіп, жасаған ісі үшін сотқа тартуды сұрайды. Т. б. билер сотына қазақ билерінің ішінен, Барақ сұлтанның ұсынуы бойынша төрт белгілі биді (Жалған би, Сырлыбай би, Даба би, Қабек мырза) қатыстырады, өз тарапынан бірнеше биді шақырады. Билер алқасында Т. б. Барақ сұлтанды ақтап алады. Т. б. Әбілқайыр ханның өлімі үшін жеті адамның құнын кескенде де, Барақ сұлтанды ақтап алғанда да, туысы Қойгелді батырға тоналған орыс сауда керуенінің өтеуіне екі мың жылқы төлеуге билік шығарғанда да елдің елдігін бұзбауды, әлі келгенше халықтың тыныш жағдайын, тұтастығын сақтауды көздеді. Т. б-дің бұл секілді еларалық сипаттағы билігімен қатар ұлыс ішіндегі дауларды шешкен билігінен де оның мемл. деңгейдегі парасаттылығы, ойының саралығы мен ниет-тілегінің тазалығы танылады. Т. б. хан, сұлтандардың, бектер мен билердің өзара қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігін сезініп, татулықты жақтады. Оның елге танымал «Елге бай құт емес, би құт» дейтін қанатты сөзі айқын аңғартады. Бізге келіп жеткен аңыз-әңгімелерде Т. б-дің ұлт бірлігін нығайтуды барынша жақтағандығы айтылады. Сондай аңыз-әңгімелердің бірінде Т. б. өз көңілін сұрай келген Қазыбек, Көкі, Мәлік, Ержан билердің еліңізге қандай өсиет қалдырасыз деген сұрағына былай деп жауап берген екен: «Жүзге бөлінгендердің жүзі қара. Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса халқын сатады. Халық азса хандыққа таласады». Т. б-дің артында кейінгі ұрпаққа жарық жұл- дыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өсиет сөздері қалған. Оның шешендік сөздері айтпақ ойының ұшқыр да тапқырлығымен, тап басатын көркем теңеулерінің дәлдігімен, тілінің өткір де айқындылығымен ерекшеленеді. Оның Данагүл есімді келінінің де есімі көпке танымал. Т. б. Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Т. б. халық арасында «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деген атпен танымал.
Әдебиет: Казахско-русские отношения в ХVІ–XVІІІ вв. Сб. Документов и материалов. т. 1. – А., 1961; Төле би. – А. 1991; Үш пайғамбар. – А., 1992; Төле би мен Қойгелді батыр. – А., 1992; Левшин А.И., Описание киргиз-кайсацких или киргиз-кайсацких орд и степей. – А., 1996; Қазақстан тарихы, 3-т. – А., 1998.
-
Физули Мұхаммед Сүлейманұлы
Мұхаммед Сүлейманұлы Физули (1494 – 1556) — әзірбайжан ақыны. Әзірбайжан, парсы, араб тілдерінде жазған...
Шығармалары қолжазба күйінде тарап, XIX-ғасырда қазіргі Әзірбайжан, Түркия, Ирак және Орта Азия елдерінде бірнеше рет жарияланған. Бізге жеткені 11 қасида мен бір өлеңнен тұратын (барлығы 450 бәйіт) араб тіліндегі жинағына.
Физулидің поэтикалық мұрасынан елеулі орын алатыны — лирикалары мен қасидалары. Физули туындылары қазақ оқырмандарына кептен таныс. Оның мұрасының шырқау шыңы — «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын Абайдың немере інісі, қазақтың көрнекті ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ тіліне аударған. Абай Физулиді езіне ұстаз санаған. Ақынның шығыс поэзиясы классиктерімен, соның ішінде Физули туындыларымен танысуы медреседе оқып жүрген кезінде басталған. Осы кезеңде жазған «Физули, Шәмси, Сәйхали» өлеңінде шығыс классиктерін тілге алып сиынады, олардан медет тілейді -
Хатами Ходжатоль Эслам валь Мослемин Сейед Мохаммад
(1943) – Ислам мемлекеті Иранның 5-ші президенті (1997-2005), екінші мәрте 2001 қайтадан сайланды. Х. пікірінше, «Ақпаратты ғасыр - ол білімге негізделген ғасыр» - мәдениеттің күрделі мәселелеріне сүйенген пікір алмасуға талпыну, саяси диалог жүргізуге талпыну, күшіне сенген саяси топтардың халықаралық қатынастарды реттеу мүмкіндіктерін жіберіп алғанын аңғартады. Шынайы әлемде жаңа халықаралық тәртіпті тек мәмілеге қол жеткізу арқылы орнатуға болады. Оның тұжырымдауынша, қазіргі заманда нағыз мәміле халықтың санасына қысым жасайтын жәй ғана көзбояшулыққа ауыстырылған. Үлкен ғылыми мүмкіндіктерге қарамастан мәдени саладағы диолог жолында шарасыздық бар. Біздің әлем мәдени білімсіздік пен саяси қайшылықтардан адасуда. Шығыстың Батысты және керісінше Батыстың Шығысты түсінуі бұрмалануда. Бұқаралық ақпарат құралдары таратып жатқан ақпарат өз деңгейінде жетпейді. Х. «БАҚ өзгелерді естіп, түсіну үшін қолайлы жағдай жасауы керек, шынайы ақпарат таратуы тиіс, күштің логикасынан алшақтауы қажет» деп атап өтеді. Х. тұжырымдауынша «адамгершіліктің жалпы нормасын нақтылап, күш пен билікті осы принциптерге бағынуға мәжбүр ететін БАҚ этикасына байланысты жаңа диалог бастау қажет». Егер адамзат тұрақты өмірде, адамгершілік қағидаларды қажет ететін болса, онда берік, ұлттық және халықаралық заңдар мен тәртіптерді іске қосып, демократиялық құндылықтарды қорғау қажет. БАҚ - тың заң аясында жаңашыл этикасын дамытып, халықаралық өкілеттігін күшейту керек. Оның айтуынша, нақ осы Еуразия көне цивилизацияның түйісетін нүктесі болып табылады. Оны коммуникация және қарым-қатынас нүктесіне айналдыру қажет. Негізгі шығармалары: «Ислам, сұхбаттастық және азаматтық қоғам».
-
Чжан Цзай
(1020-78) – неоконфуцийшілдіктің негізін қалаушылардың бірі. Ч.Ц. іліміне сәйкес дүниеде бір нәрсенің бәрі бастапқы материядан – ци-ден пайда болған, ол қозғалыс пен тыныштық қасиетіне ие. Табиғат – «тамыр», ал парасат оның перзенті болып табылады. Цидің ең бастапқы күйін Ч.Ц. «Ұлы бос кеңістік» деп атады. Бастапқы материя «Ұлы бос кеңістікте» шашырап тарап кетеді, ал оның жиналуы судың мұзға айналуына ұқсас. Цидің жиналуы мен ыдырауы барлық құбылыстар мен заттардың пайда болуы мен жойылуын анықтайды. Ч.Ц. философиясында «дао» («жол») деген ұғымға үлкен мән береді, онымен цидің өзгеру және құбылу процесі белгіленді. Бастапқы материяның қозғалысы мен өзгерісі бір-біріне мүлдем қарама-қайшы екі нәрсенің оң-ян мен теріс – иньнің (Инь мен ян) бірлікте іс-қимыл жасауына негізделген. Дао дегеніміз солардың бірлігі, оны Ч.Ц. әрі «ұлы үйлесім» ретінде белгіледі. Табиғатта қозғалыс хаотикалық бей-берекет сипатта болмайды, ал бастапқы материя цидің өзіне тән заңмен (ли) анықталады. Заң адамдардың еркіне байланысты емес. өзінің таным теориясында Ч.Ц. дәйекті болмады. Оның көзқарасы бойынша, сезіну таным көзі болып табылып, адам сол арқылы сыртқы дүниемен байланыс орнатса да, дау танымында сезім-түйсікпен қабылдауға негізделмеген. Ч.Ц. ілімі неоконфуцийшілдік мектебінің кейінгі өкілдерінде кеңінен қолдау тапты.