Біз туралы
Философия KZ — бұл Қазақстандағы философиялық ой-сананың дамуына серпін беруді көздейтін, заманауи үлгіде жасалған интерактивті академиялық дерекқор.
Платформа еліміздің философиялық зерттеулерін бір орталыққа тоғыстырып, отандық ғалымдардың ғылыми еңбектерін, авторлық материалдарын, оқу ресурстарын, сұхбаттар мен бейнематериалдарды жинақтауға және көпшілікке қолжетімді етуге бағытталған.
Бұл база Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын "AP23485390 Практикалық философия – әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудағы интегралды білім беру мен дизайн-ойлау тұжырымдамалық метамоделі" атты ғылыми жоба негізінде құрылды.
Жоба философиялық білім беру мен зерттеу үдерістерін тәжірибеге жақындатуды, әлеуметтік-гуманитарлық пәндерде дизайн-ойлау әдісін қолдануды және интегралды білім беру тұжырымдамасын жүзеге асыруды мақсат етеді.
Философия KZ платформасы философиялық дискурс пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, практикалық философия мен саяси-этикалық ойлаудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған академиялық кеңістік болып табылады. Сонымен қатар, жоба жас зерттеушілерге, докторанттар мен студенттерге ғылыми ізденістерін жүзеге асыруда құрал және шабыт көзі ретінде қызмет етеді.
Жоба жетекшісі және ғылыми топ:
Нұрадин Гулхан Болатқызы
Ғылыми жетекші, бас ғылыми қызметкер
Философия ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.
М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті
Құранбек Әсет Абайұлы
Жетекші ғылыми қызметкер
Философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия кафедрасының меңгерушісі
Ермағамбетова Құралай Серғабылқызы
Аға ғылыми қызметкер
PhD доктор, қауымдастырылған профессор
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Аташ Берік Мұратұлы
Ғылыми қызметкер
Философия ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Күлбаева Дина Дүйсебайқызы
Ғылыми қызметкер
Философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, философия және саясаттану кафедрасының меңгерушісі
Аққұлиева Әсия Ертайқызы
Ғылыми қызметкер
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
8D02201 – Саяси философия білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты
Философия KZ — бұл тек дерекқор ғана емес, сонымен қатар қазақстандық философияны әлемдік кеңістікке танытуға бағытталған ғылыми-мәдени платформа.