Сәрсенбаева Зәуре Нұраллақызы

1953 жылы Орал қаласында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің философия факультетін 1976 бітірген соң Қаз КСР ҒА-ның Философия және құқық институтында (қазіргі кезеңде философия, саясаттану және дінтану институтында) 2017 жылы дүниеден өткенше табысты қызмет атқарды. Зәуре Нұрұллақызы 2003 жылы философия ғылымдарының докторы атанды және ол әкесі профессор, философия ғылымдарының докторы, философия факультетінің деканы болған, қоғамдағы дәстүрлер мәселесін ғылыи талдаумен айналысқан Сәрсенбаев Нұрұлланың тәрбиесін алған және ізін жалғастырғаны белгілі. З. Сәрсенбаева Ұлттық және ұлтаралық қатынастарды зерттеу Орталығында 1988-1994 жылдары қызмет атқарып, өмірбаянында шығармашылық жолын ұлтаралық қатынастарды зерделеуге арнады. Ол құндылықтар мәселесіне үлкен көңіл бөліп, елімізде аксиология саласында қомақты теориялық еңбектерді жазып қалдырды. Бірнеше рет осы бағытта ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі болды және ұжымдық монографияларды жарыққа шығарды. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың, «Қазақстан ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» құрметті төсбелгісінің иегері (2014) атанды. Сәрсенбаева Зәуре Нұрұллақызы 100-ден аса ғылыми мақалалары мен жеке және ұжымдық монографияларды өзінен кейін ғылыми мұра ретінде қалдырды, солардың ішіндегі маңызды еңбектері:Этнос и ценности. - Алматы, 2009.- 364с.; Этнос және құндылықтар. – Алматы, 2018. - 306б.
Білімі: С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті, философиялық-экономикалық факультеті (1970-1975 жж.), ҚазССР ҒА философия және құқық институты тарихи материализм бөлімінің аспиранты күндізгі бөлім (1978-1981 жж.)
Салалық марапаттар:
1999- Сорос қорының әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша оқу бағдарламасының конкурысының жеңімпазы (Гендер қағидасына кіріспе. Оқу құралы. ФжСИ, 1999,-158 б.)
2010 ж Гуманитарлық ғылымдар аясындағы өте жақсы ғылыми зерттеулер үшін Ч. Уалиханов атындағы бірінші сыйлықтың лауреаты.
Ғылыми дәреже: философия ғылымдарының докторы (2009 ж)
• Кандидаттық диссертация тақырыбы: 1983 ж. кандидаттық диссертациясын диалектикалық тарихи материализм мамандығы 09.00.01- бойынша қорғады тақырыбы «Буржуазиялық тұжырымдаманың және бұқаралық мәдениеттің және конформизмның тәжірибесінің әлеуметтік-класс анализы» С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде қорғалған
• Докторлық диссертация тақырыбы: «Этностың құндылықтық өлшемін әлеуметтік - философиялық талдау» ФСИ, 28 қараша 2008 ж. мамандығы 09.00.11-әлеуметтік философия.
Қоғамдық жұмыстар:
• 1975-1977 жж. – С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті жанындағы комунистік зерттеу зертханасының стажері
• 1978-1981 жж. – ҚазССР ҒА философия және құқық институты тарихи материализм бөлімінің күндізгі бөлім аспиранты ( Алматы.қ)
• 1981-1991 жж. – ҚазССР ҒА философия және құқық институты ғылыми комунизм бөлімінің кіші ғылыми қызметкері
• 1992-1996 жж. – ФСИ жанындағы ұлттық және ұлтаралық қатынастар орталығының аға ғылыми қызметкері
• 1996-2008 жж. – ФСИ этика және әлеуметтік философия бөлімінің аға ғылыми қызметкері
• 2008-2011жж. – ФСИ этика және әлеуметтік философия бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері
• 2012-ден қазіргі уақытқа дейін – ФСжД философия бөлімінің басты ғылыми қызметкер
Негізгі ғылыми жарияланымдар: 100-ден аса ғылыми жарияланымның авторы. Ұжымдық монография авторы - «Отчуждение и проблемы экологии(Қазақстан деректерінде)». -Алматы, ФСИ ,2002,-179б., «Власть как ценность и власть ценностей: метаморфозы свободы». - Алматы, ҚР БҒМ ФСИ, 2007, -470б., Ұлтаралық келісімге баламалар жоқ. Алматы, ФИ, 1993,-147б., «Становление и развитие науки Казахстана с древнейших времен до наших дней (в 2-х томах). Т.2. Развитие науки Казахстана в ХХ веке и в настоящее время» ҚР БҒМ ФСИ КИЦ, 2009, 225б, Формирование человеческого капитала в независимом Казахстане: социально-философский анализ. Алматы., ИФП, 2011, -292б.; 3-113,263-265, Становление и развитие независимого Казахстана: социогуманитарный анализ, Алматы.: К.Э. 2011, -368б., С.47-57,С.217-255, және жеке монография «Этнос и ценности»., Алматы: ҚР БҒМ ФСИ КИЦ, 2009,-306б.