Мырзалы Серік Қажы-Ахметұлы

(29.12.1944 ж. Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Көктерек ауылында дүниеге келген) философия ғылымдарының докторы, профессор. Негізгі ғылыми ізденістері қоғамның рухани өмірін, соның ішінде моральдың ерекшеліктері, мораль мен саясаттың байланысы, заманауи мәдениеттегі рухани жаңару үдерістері, қоғамның рухани ахуалының ерекшеліктеріне бағытталған. Сонымен қатар қазіргі таңдағы моральдың әлсіреуі мен рухани құндылықтардың дағдарысы туралы құнды еңбектердің авторы. 1968 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институттың тарих факультетін аяқтап, 1969-72 жж. аралығында Абай атындағы ҚазПИ философия кафедрасында аспирантурада оқыды, 1974 жылы «Әлеуметтік нормалар және олардың даму заңдылықтары» атты кандидаттық диссертация қорғаған. Ал 1999 жылы «Өтпелі қоғамдағы саясат пен моральдың өзара байланысы мәселелері» атты докторлық диссертациясын қорғады. 2007 жылдан ҚР Әлеуметтік Академиясының корреспондент-мүшесі. Философиялық бағыттағы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқулық, оқу құралдарын жазып жарыққа шығарды. Қазіргі таңда, философия пәні бойынша Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының басым көпшілігі Мырзалы С.Қ. авторлығымен шыққан оқулықтарды пайдаланады. Жалпы ғылыми мақалалар саны – 160 астам, оның 95-астамы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен ғылыми журналдарда жарияланған. Ғылыми-педагогикалық жетістіктері үшін ҚазССР Жоғарғы кеңесінің «Құрмет граммотасымен», «Ағартушы үздігі» белгісімен, ҚР «Ғылымды домытудағы еңбегі үшін» блгісімен, Ы.Алтынсарин атындағы белгімен және т.б. марапаттарға ие.