Алтаев Жақыпбек Алтайұлы

Философия ғылымдарының докторы, профессор, Ағын Қасымжановтың философиялық мектебінің түлегі, қазақ философиясының қалыптасу үрдістері туралы еңбектерімен танымал. Философия тарихы және рухани тұтастық философиясы мәселелеріне арналған зерттеулері ғылымға қосқан сүбелі нәтиже. Ол профессор А.Қасымжановтың ізбасары ретінде философия тарихының әлеуметтік шарттылық маңызын аша отырып, оны түсінуді жеңілдетуден бастады. Өз еңбектерінде қазақ философиясының идеялық бастау бұлақтарын зерттеуге алғашқылардың бірі болып көңіл аударған тұлға. Ж.Алтаев философиясының негізгі өзегі – ұлттық философия тарихы, оның қайнар көздері, дүниежүзілік мәдениеттегі қазақ руханиятының ерекше орны. Қазақ мифологиясына философиялық тұрғыдан талдау жасап, оның ішінен қазақ ойшылдарының дүниесезімі мен түсініктерін, қиялдары мен армандарын ашып, оларды болашақ философияның бастауы ретінде қарайды. Ғалымның әдістемелік қағидалары: біріншіден, қандай да болмасын сыртқы идея ұлттық рух, ұлттық ортаға бейімделсе ғана ғана қабылданады. Ұлттық философия дінге, исламға қатынасын анықтауға бейім болды. Екіншіден, аумақтық және саяси жағдайлар философиялық мәселелерді Шығыс пен Батысқа бірдей байланысты қарастыруға мәжбүр етті. Үшіншіден, қазақ философиясына жат құбылыс. Сондай ақ жыл сайын өзінің ұстазы профессор А.Х. Қасымжановқа арналған оқулар және философтың шығармашылығына арналған халықаралық ғылыми конференция өткізіп отырады. Негізгі шығармалары: «Қазақ философиясы», «Қазақ философиясының тарихына кіріспе» 1994.