Бөлекбаев Сағади Байұзақұлы

Философия ғылымының докторы, профессор. Әйгілі ойшыл-философ Ағын Қасымжановтың ізбасары, көрнекті ғалым. Көп жылдар бойы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық қатынастар факультетінің профессоры болды.  Профессор Сағади Бөлекбаев – жарты ғасырға жуық ғұмырын ғылым мен ұстаздыққа арнаған белгілі ғалым, педагог, қоғам қайраткері, Саяси ғылымдар және Заң ғылымдары академияларының академигі. ҚР БҒМ-нің ұлттық сарапшысы, Қазақстан халқы ассамблеясының кеңесшісі, ҚР Мәдениет министрлігі Дін істері жөніндегі комитеті сарапшылар кеңесінің мүшесі, Алматы қаласындағы ақпараттық-талдау орталығының мүшесі болған. Профессор Сағади Бөлекбаев шетелдік ғылыми орталарда да танымал тұлға. Ғалымның 50-ден астам ғылыми еңбегі Чехия, Польша, Нидерланд, Германия, Пәкістан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан, Әзербайжан және т.б. елдерде жарияланған. Докторлық диссертация тақырыбы: Экономика және мемлекет арақатынасын әлеуметтік-философиялық талдау. 

(23.01.1946 ж.т., Алматы обл., Кербұлақ а., Беріктас а.) – философия ғылымдарының докторы (1999 ж.), профессор (2000 ж.). 1973 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің  философия-экономика факультетін бітірген. Қарағанды мемлекеттік университетінде, Қазақ Мемлекеттік Университетінде,  Қазақ мемлекеттік архитектура-құрылыс институтында, Қазақ мемлекеттік заң университетінде,  Орталық Азия университетінде, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де ғылыми жұмыс бойынша проректор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2018 жылдан бері ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтында бас ғылыми қызметкер ретінде қызмет атқаруда. С.Б. Бөлекбаевтың ғылыми зерттеу саласы өтпелі кезеңдегі экономика мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасы, халықаралық қатынастар, түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті, философия тарихы, әлеуметтік философия, логика, сана мәселелерін қамтиды. 270-тен аса ғылыми еңбектің, 10-нан астам монографияның авторы. Оның еңбектері Чехия, Польша, Нидерланды, Германия, АҚШ, Қытай, Рессей, Украина елдерінде жарық көрді. Ғылым мен педагогикалық саланы қатар ұштасыра отырып, талантты ұстаз ретінде жас ғалымдардың кәсіби тұрғыдан қалыптасып, ғылыми тұрғыдан жетіле түсуіне үлкен ықпал етті.  Б.-тың жетекшілігімен ондаған кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. ҚР БҒМ-нің тапсырысымен ғылыми және білім саласындағы жобаларды әзірлеумен айналысып, ғылыми-әдіснамалық және сараптамалық қолдауын да көрсетеді. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы» туындысын тәржімалауға қатысты. Ғылым мен білім саласына қосқан еңбегі үшін «ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» және «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, ҚР БҒМ министрінің үш рет алғыс хатымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Негізгі еңбектері: Тюркский вклад в мировую культуру и цивилизацию. Алматы, 2016, Феномен сознания: новые подходы. Алматы, 2015, Логика. Алматы, 2010, Казахстанский путь в дилемме: Восток или Запад? Алматы, 2010.

           

Еңбектер: