Нұрмұратов Серік Есентайұлы

Әлемдік және қазақ философиясы орталығының директоры

 

Білімі

1976-1981 жылдары - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономикалық факультетінің студенті.  «Философия» мамандығы бойынша.

1985-1988 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының «Философия» мамандығы бойынша аспиранты.

1998-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Философия институтының «Философия» мамандығы бойынша докторанты.

 

Ғылыми тағылымдамалар

1987 ж. - Ресей Ғылым академиясының Философия институты (Мәскеу, РСФСР)

2008 - Сеул университеті. Дүниежүзілік философтар конгресіне қатысу (Сеул, Оңтүстік Корея)

 

Еңбек қызметі

1981-1985 — Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технологиялық институтының оқытушысы.

1988-1999 жылдары - Қазақ КСР ҒА Философия және құқық институтында (1991 жылдан - Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы) кіші ғылыми қызметкерден аға ғылыми қызметкерге дейінгі қызметтерді атқарды.

2000-2012 жылдары - ҚР Білім және ғылым министрлігі Философия, саясаттану және дінтану институтында қазақ философиясы бөлімінің меңгерушісі.

2012-2021 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары.

2021 жылдан - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Философия, саясаттану және дінтану институты Философия орталығының директоры. (Қазір ҚР ҒЖБМ ҒК Әлемдік және қазақ философиясы орталығы)

 

Қоғамдық қызметі

1994-1997 жж. – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Философия институтының Кәсіподақ комитетінің мүшесі және төрағасы.

1996-2010 жылдары – ҚР ҰҒА Философия институты жанындағы философия бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы.

1999-2025 жж. – Институттың «Адам әлемі» және «Әл-Фараби» журналдарының редакциялық алқасының мүшесі.

2016 – 2025 – Қазақстан философиялық конгресі тексеру комиссиясының мүшесі және төрағасы.

2019-2020 ж. – Институттағы этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жауапты.

2019-2025 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Философия», «Мәдениеттану», «Дінтану» мамандықтары бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі.

 

Марапаттары

1998 ж. – Қазақстан Республикасы Мәскеу Ғылым академиясының Құрмет грамотасы

2004 ж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы

2008 жыл — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңген еңбегі үшін» медалі.

2009 ж. – Қазақстан Республикасының көрнекті ғалымдарына арналған ғылыми стипендия иегері

2016 ж. – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жас» медалі

2016 ж. – «Әл-Фараби атындағы ҚазУ 80 жыл» мерейтойлық медалі

2021 ж. – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30» медалі 

 

Ғылымометриялық негіздердегі профильдер

ORCID: 0000-0003-2038-3056

Scopus Author ID: 57197868107

Google Scholar: https://scholar.google.com/citations?hl=ru&user=l9OsZCIAAAAJ 

Web of Science Researcher ID: FPX-7620-2022