Қолымбаев Бисембай Ерғалиұлы

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті философия және мәдениет теориясы кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы, философия және психология факультетінің негізін қалаушы. Бисембай Ерғалиұлының философияның өзекті мәселелеріне арналған 70-тен астам мақаласы, сонымен қатар 4 монографиясы жарық көрді. Есте қалатындарының бірі – «Хроно-топос человека». Бұл кітапта ғалым адам болмысы, ғалам, кеңістік пен уақыт, дүниетаным мәселелерін қозғайды. Мақала авторы «Хроно-топос человека» еңбегінің қазақ философиясының осындай күрделі мәселелерін жан-жақты зерттеудегі маңызын қарастырады, өйткені адамзаттың шынайы болмысы туралы ойлар қоғамда қашанда өзекті болып қала береді.Автор «Хроно-топос человека» шығармасы арқылы адам рухани кемелдікке, тазалыққа, ізгілікке, ар-ождан мен намысқа, ерлікке ұмтылған сайын шындыққа жақындай түсетінін түсіндіруге тырысады. Ғалымның еңбегі – философия ғылымындағы үлкен жаңалық. Себебі, философиялық тереңдікке толы шығарма мазмұны адам мен дүние арасындағы қарым-қатынасты, өмір салты мен мағыналы өмірді суреттейді.«Хроно-топос человека» және «К творчеству» монографиялары университет баспасында жарық көрді.Қазіргі уақытта Б. Е. Колумбаевтың «Антроподицея» атты кезекті басылымы баспаға дайындалуда. Еңбекте көптеген сұрақтарға жауап бар. Мысалы, неліктен антроподиция утопиялық идея қатарына жатқызылуы мүмкін? Неліктен философия адамзаттағы адамды емес, адам бойындағы адамгершілікті қарастырады?Бұл монографияға Қазақстанның бірнеше жетекші философы егжей-тегжейлі рецензия жазды.Кітапқа рецензияны философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры З. Н. Исмағамбетова жасады.1200 беттен тұратын монография университет баспасынан да шығады. Еңбектің бірегейлігі 96 %-ды құрамақ.Қоғамның дамуына қосқан зор үлесі үшін Колумбаев Бисембай Ерғалиұлы «ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН КІЗМЕТКЕРІ» төсбелгісімен марапатталып, тиісті куәлік алды (Астана, 2024 жыл).Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЛТЫН ЖҰЛДЫЗЫ» құрмет белгісімен және куәлікпен марапатталды (Астана, 2024 жыл).Философия ғылымдарының докторы, профессор. Докторлық диссертация тақырыбы: Адамдағы адамгершілік қасиеті: дүниетанымдық талдау. 75 ғылыми мақала авторы, сонымен қатар мынадай монографиялары: «Үшінші адам: ізденіс, құрылым, адамдағы «адамшылықты» еңсеру», 271 б., Қарағанды, 1992 (Б.Е. Колумбаевтың 2011 жылы «Таңдаулы еңбектерінің» бірінші томы қайта шығарылды); «Пайымдар: Adhominem», 187 б., 2011 (Б.Е. Колумбаевтың «Таңдаулы еңбектерінің» екінші томы қайта шығарылды) және «Адам хроно-топосы», 318 б., (Қарағанды, 2021).
Б.Е.Колумбаевтың философиялық ойларының тамыры, оның өзінің көзқарасы бойынша, «Адам мәселелерін» қарастырудан бастау алады. Ол еңбектерінде бұл мәселені өз жан-дүниесінің рефлексивті толғанысы нәтижесінде дүниеге әкелді. Аталмыш әрекеттер оның кандидаттық диссертациясынан басталды: «Сұқбаттасу адамның әлеуметтік қызметі» және соңғы кітабы «Хроно-топоста» жалғасын тапты. «Сөз» (бірінші бөлім) және «Жан» мәселесі (екінші бөлім) автордың өзі алдындағы жауапкершілігіне тұнып тұр. «Қайдан білемін?» деген сұрақ туындайды. Б.Е. Колумбаев үшін бұл сұрақтың жауабы «жан» берумен тең. Ол тікелей «Адам бір жақты ма?», «Рухани дағдарыстың шешімі бар ма?», «Әлемді неге сұлулық құтқарады?», «Экологиялық мәселелердің шешімі бар ма?», « Қайсысы маңызды: білім бе , әлде сенім бе?», «Постмодернизм қайдан біледі?», «Адам қайдан жазылады және неге жазылмайды?» деген сұрақтарды қояды және жауабын іздейді. Философ үшін өз алдына қоятын мәселелердің шешілгенінен гөрі, олардың шешімсіздігін табу басты мақсат болмақ. Олай болмаған жағдайда, бұл философиялық сұрақ емес болып шығады. Бұның мәні адам қаншалықты «ғалым-философ» болғанымен де, «адам мәселелесінде» жанмен берілу арқылы ғана шынайы шешімін таппақ. Сол себепті, философия ғылым емес, яғни, ғылымдардың ішіндегі ғылым емес, ол тым жоғары сананы қажет етеді, өзімен айналысатын homo sapiens-тен асып түседі. Бұл тек Б.Е. Колумбаеваевтың ойы ғана емес, оның жұмыстарында көрініс табатын сенім – даналыққа қызмет етуге деген махаббаттан шығады.