Айдарбеков Зейнәбіл Смайылханұлы

Айдарбеков Зейнәбіл Смайылханұлы - философия ғылымдарының докторы, профессор. 1990 жылы Мәскеу гуманитарлық университетін (МосГУ) "Тарих"мамандығы бойынша бітірді. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1998-2000 жылдары "Қазақ энциклопедиясы" редакциясының бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. 2000-2002 жылдары "Казкомсервис-Ақсай"компаниясының директоры болды. 2002 жылы-Орал қаласындағы Менеджмент және әлем тілдері институтының доценті. 2003 жылы-М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, проректоры және ректорының кеңесшісі. 2004 жылдан бастап 10 жыл бойы ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор бастығы және Президенттік мұрағат директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2010 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітіріп, "мемлекеттік және жергілікті басқару"мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. Зейнәбіл Смайылханұлы-100-ден астам ғылыми мақалалар мен 5 монографияның авторы. 2024 жылғы 25 қыркүйекте "ғылымды дамытудағы еңбегі үшін"№00739 төсбелгісімен марапатталды. 2024 жылдың қазан айында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың №1118 "еңбек сіңіргені үшін" медалімен және Моңғол Халық партиясының 100 жылдығына арналған Құрмет грамотасымен марапатталды. Ғалым халықаралық қатынастар, жастар мәселелері және мемлекеттік жастар саясаты саласындағы зерттеулермен айналысады. 2014-2023 жылдары Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Қазіргі Қазақстан тарихы және дүниетанымдық пәндер кафедрасының меңгерушісі болды. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия кафедрасының профессоры. ҚР Президенті мұрағатының директорының орынбасары. Докторлық диссертация тақырыбы: Қазақстан Республикасы жастарының идеялық-құндылықтық бағдарларына
әлеуметтік-философиялық талдау.