Әбсаттаров Раушанбек Борамбайұлы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистратура және PhD докторантура Институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында қызмет атқарған. ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор. Ол сегіз тілде 32 монография, оқу құралдарын, кітаптар және 500-ден астам ғылыми мақалалар жариялады. Ол тек Қазақстан көлемінде ғана емес, таяу және алыс шетелдерде кеңінен танымал ғалым. Р.Б. Әбсаттаров Оңтүстік Корея, Түркия, Жапония, БАЭ, Ресей, Украина,Белорусия және т.б .елдер университетінде, ғылыми орталықтарында ғылыми баяндамалар жасады, дәрістер оқыды. 50-ден астам халықаралық ғылыми конференцияларда ғылыми баяндамалар жасады, олар баспасөз бетінде жарияланды. Докторлық диссертация тақырыбы: Ғылыми-техникалық революция және қоғамдық өмірдің интернационализациясы (әлеуметтік-философиялық талдау). Шәкірттері: 4 ғылым докторы, 20 ғылым кандидаты және 3 философия докторы (PhD). Негізгі еңбектері: Национальные процессы: особенности и проблемы,1995;  Әлеуметтану, 2007;  Саясаттану және оның проблемалары, 2007.