Әбділдина Раушан Жабайханқызы

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының профессоры. ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор.Докторлық диссертация тақырыбы: Мəдени-тарихи процесс контекстiндегi адам жəне оның еркiндiгi мен даралығы эволюциясы. 2013 жылғы ақпанда ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі болып сайланды, 2017 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының толық мүшесі болды. 2019 жылдан бастап ҚР ҰҒА Халықаралық Ғылым академиялары қауымдастығының (МААН) өкілі болып табылады. Ғылыми қызығушылықтар саласы: Таным теориясы мен логикасы ретінде диалектиканың мәселелері мен әдістерін зерттеу, адам даралығының эволюциясы, еркіндік пен субъективтілік тұрғысынан мәдени-тарихи процесті талдау, қазақ және әлемдік философиялық ой тарихы. 2008 жылдан 2020 жылға дейін ҚР БҒМ ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға арналған конкурстарда жеңіске жеткен төрт ғылыми-зерттеу жобасының жетекші ғылыми қызметкері. 16 монографияның, 150-ден астам ғылыми мақаланың, оның ішінде рейтингтік халықаралық журналдарда жарияланған мақалалардың авторы, көптеген халықаралық ғылыми конференциялардың қатысушысы; редакциялық алқаның мүшесі және ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған екі философиялық журналдың сарапшысы - "Әл-Фараби", "Адам әлемі"; "Philosophy and Life" халықаралық журналының редакциялық алқасының мүшесі (Республика Өзбекстан). Негізгі еңбектері: История философии, 2010; Демократия, 2012.; Человек и его свобода в контексте культур-
но-исторического процесса,2004.