Хасанов Марат Шаймұратұлы

философ, философия ғылымдарының докторы, профессор, академик. «Бүтін мен бөлік диалектика категориясы ретінде» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған ғалым, ғылыми жолын Батыс Қазақстандағы АШИ-дегі ассистенттіктен бастаған. Кейіннен ММУ аспиранты, ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, ҚазМУ-дегі философия және ғылым методологиясы кафедрасының меңгерушісі, ҚР мемлекеттік аттестациялық төрағасының орынбасары, «Евразия» қоғамдық-саяси журналының бас редакторы және «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының бас эксперті сынды жоғары қызметтерді атқарып жүр. Негізгі шығармалары: Қосавторлықта «Космос казахской культуры» 1993, «Принципы диалектики» 1994, «Восток-Запад: диалог культур» (жауапты редактор) 1996.   

(29.10.1941 жылы туған) - философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының профессоры, отандық мәдениет философиясының негізін қалаушылардың бірі, еуразияшылдықтың зерттеушісі, әлеуметтік-гуманитарлық білім методологы, философия мен ғылым әдіснамасы кафедрасының негізінде алғашқы «Шығыс-Батыс: мәдениеттер диалогы» (1992, 1995) халықаралық симпозиумдарының бастамашысы, 1995 жылдан «Демократия және мәдениет» Қоғамдық қорының директоры, 2001 жылдан «Еуразия» қоғамдық-саяси және әдеби-көркем журналының негізін қалаушы және бас редакторы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегері (2016), «Қазақстан өзгермелі әлемде: әлеуметтік-мәдени импульстар және Еуразиялық өркениеттік нұсқаулықтар» атты ҚР БҒМ (2015-2018) ғылым грантының жетекшісі. Хасанов Марат Шамұратұлы 1970 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетін, ал 1975 жылы аспирантурасын бітірді. М.Ш. Хасанов философия кандидаты (1976), философия докторы (1988) академиялық дәрежелерінің, доцент (1979), профессор (1990) академиялық атақтарының иегері. 1990-2000 жылдар аралығында  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философиялық кафедраларының меңгерушісі, 1995-2000 жж. Қазақстан Республикасы Жоғары аттестаттау комиссиясы төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Өзінің педагогикалық, ғылыми және мемлекеттік қызметі кезінде М.Ш.Хасанов диалектика теориясы мен практикасына, саясат, мәдениет және білім философиясын дамытуға сүбелі үлес қосты. Философияның осы салаларындаоның 170-тен астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері бар. Ол Мәскеу, Санкт-Петербург, Обнинск (Ресей), Рига (Латвия), Таллин, Тарту (Эстония), Оклахома (АҚШ), Тайпей (Тайвань), Берлин (Германия) қалаларында өзінің баяндамаларымен сөз сөйледі. Ол 2 доктор, 13 философия және саясат ғылымдарының кандидаттарын дайындады.

            Негізгі ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері: «Философия негіздері» монографиясы (2019; В.Ф.Петрова, А.М. Хасановамен бірлікте), «Қазіргі қазақстандық философия» (2019; В.Ф. Петрова, А. М. Хасановамен бірлікте); «Ғылым тарихы және философиясы» оқулығы (2018; В.Ф. Петровамен бірлікте), «Ғылым тарихы мен философиясы» (2018; В.Ф. Петрова, Б.А. Джаамбаеваемен бірлікте); «Қазақ өркениетінің философиясы (Тарих, теория, практика)» (2017; В.Ф. Петрова, Д.Р.Шайдулинамен бірлікте); «Философия» оқулығы (2017; В.Ф.Петровамен бірлікте);  «Демократияның трансформациясы. Тарих, теория және практика» (2017; В.Ф. Петровамен бірлікте); «Философияға кіріспе» (2015; В.Ф. Петровамен бірлікте); «Ғылыми білім философиясы» (2015; В.Ф. Петровамен қосавторлықта).        Л.Ә.Асқар