Садықов Ұлықпан Есілханұлы

философия ғылымдарының докторы, профессор. Қорқыт ата атындағы Қызылорда, Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекетік университеті және Д.Серікбаев атындағы Шығыс қазақстан техникалық университетінің құрметті профессоры. Қазақстан Республикасы Шығармашылық академиясының мүшесі, ҚР оқу ісінің үздігі, ҚР білім саласының құрметті қызметкері, ҚР мәдениет қайраткері, «ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталған. 250-ден астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік және ғылыми публицистикалық еңбектері жарық көрген. Төрт монографияның, оннан астам оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Еліміздің әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайындағы саяси-әлеуметтік процестердің танымдық және тәрбиелік мәселелерін зерттеумен шұғылданады.