Орынбеков Мұханмадияр Серікбекұлы

(28.07.1946 – 23.02.2006) – философия ғылымдарының докторы, профессор. 1968 ж. М.В. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетін бітірген. ММУ аяқтағаннан кейін Қазақстан Ғылым Академиясы философия және құқық институтының кіші ғылыми қызметкері және көмекшісі қызметін атқарған. (1969-72 жж.) СССР ҒА Философия Институтының аспиранты; (1972-95 жж.) Қазақстан Ғылым Академиясы философия және құқық Институты қазақ философиясы бөлімінің меңгерушісі, ғылыми қызметкер; (1995-2006 жж.) ҚазМУ философия және дінтану кафедрасының меңгерушісі. О. ғылыми зерттеулерінің басым бағыты ежелгі қазақтардың төл дүниетанымына арналған. Атап айтқанда қазақ философиясындағы кеңістік, уақыт, болмыс, субстанция сынды категорияларын ұлттық негізде қарастырған отандық философ ғалым. Қазақ халқының мыңдаған жылдық тереңдікке кететін руханиятын, ділін, дүнитанымын зерттеп, отандық философияға салмақты үлес қоқан философ. Қазақстандық философиялық ғылымның дарынды өкілі О. философия ғылымының, әсіресе қазақ философиясы тарихын зерттеуде өзіндік із қалдырған ғалым, зерттеуші. Оның шығармашылық ізденістері философия және дінтану ғылымдарының өзекті мәселелерін қамтиды. М. Ломоносов атындағы ММУ-ді бітірген соң ғылым мен білім беру жүйесіндегі еңбек жолын Қазақ ССР Ғылым Академиясының Философия және құқық институтында ғылыми қызметкер болып бастады. КСРО Ғы- лым Академиясының аспирантурасында оқып жүрген кезінде табиғаттан берілген дарыны мен ізденімпаздығы, ғылымға құштарлығы айқын көріне бастады. 1967 жылдан бастап ол философия ғылымының өзекті мәселеле- рімен жүйелі түрде айналыса бастады. 1988 жылы «Ғылыми таным дең- гейлері» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Еңбек жолын ғылыми қызметкер ретінде бастаған ол аға ғылыми қызметкер, 1991–1995 жж. ҚР ҰҒА Философия институтының Қазақ философиясы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған кезде жаңадан қолға алына бастаған ұлттық философияны зерттеудің негізгі бағыттарын айқындауға қатысты мақалаларында қазақи ой-сананы зерттеудің бүгіні мен болашағы туралы ой пайымдады. Оның ұйымдастырушы және жетекші ретіндегі қыры қазақ философиясы тарихын Тәуелсіздік кезеңіндегі философиялық ғылымға қойылатын талаптармен үндесіп жатты. Қазақ ұлттық университетінің философия және ғылым әдістемесі кафедрасын басқарған кезінде 1995– 2005 жж. оның ұйымдастырушылық қабілеті жаңа қырынан көріне бастады. Негізгі шығармалары: «Проблема субстанции в философии и науке» (1975), «Роль категории «идея» в научном познании» (1979), «Предфилософия протоказахов» (1994), «Философские воззрения Абая» (1995), «История философской и общественной мысли Казахстана с древнейших времен по XII век» (1997), «Духовные основы консолидации казахов» (2001), Проблема субстанции в философии и науке. – А., 1972; Ежелгі қазақтың дүниетанымы. – А., 1996; История философской и общественной мысли Казахстана. – А., 1997; Верования древнего Казахстана. Духовные основы консолидации казахов. – А., 2001; Қазақ сенімдерінің бастаулары. – А., 2002; Генезис религиозности в Казахстане. – А., 2005.