Мұқашев Зия Аташұлы

философия ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ Мемлекеттік Университетінің, қазіргі Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетін, Қазақ Мемлекеттік Педагогикалық университетін тәмәмдаған. 1991 жылдан бері Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтында профессорлық қызмет атқарған. Ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты диалектикалық материализмнің мәселелері, жаратылыстану ілімінің философиялық мәселелері т.б. М. философия тарихындағы сабақтастық мәселесін дамудың фактірі ретінде қарастырып, іргелі еңбектерді жарыққа әкелді. Ғалым пікірінше, философиядағы сабақтастықты жүйелеп, түсіндірмейінше оқытылып жатқан диалектикалық және тарихи материализм курсы жекелеген құрамдас бөлшектерге таралып кетеді, ал бұл курсты тыңдаушылардың бір ғана мүмкіндігі бар, ол – абстракты құрамалар жинағын қатаң тәртіппен жаттау. М. социализмге дейінгі сабақтастықтың тарихын зерттеп, мынандай мағлұмат береді: «ертедегі данышпандар ой байланысы туралы сұрақты алға қойған емес. Тек ежелгі Грецияда ғана емес, сонымен бірге ежелгі Үнді, ежелгі Қытайда да философиялық ойлау ерекше адамдардың жеке дара қасиеті, яғни данышнпандық деп есептелінді». М. Кеңес Одағы тұсындағы марксизм-ленинизм дәурені кезінде диалектикалық материализм дамуындағы сабақтастық, социализм жағдайындағы мәдениет дамуының сабақтастығы, дамыған социализм кезеіндегі КПСС саясатындағы жаңашылдық пен сабақтастық, социалистік демократия дамуындағы сабақтастық атты тақырыптарда Ресейлік ғалымдар В.О. Быстрин, В.М. Каараян, С.В. Колесников, А.Г.Лашин еңбектерімен  қатар орын алды. Негізгі шығармалары: «Философиядағы сабақтастық» 1973, «Сабақтастық – дамудың бір сәті тәрізді» 1980, «Мәдениеттегі этюдтар» 1986