Қасабек Аманжол Қасабекұлы

М.В. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетін бітірген философ, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан республикасындағы Ғылым Академиясының Жоғарғы Мектебінің академигі. Аға оқытушыдан бастаған Қ. Еліміздегі көптеген жоғарғы оқу орындарының кафедра меңгерушісі, факультет деканы, университет ректоры сынды лауызымдарды адал атқарған. Қазір Қазақ мемлекеттік заңгерлер академиясының философия, политэкономия және қазақстан тарихы кафедрасының құрметті профессоры, әрі меңгерушісі. әлеуметтік таным методологиясын дамытуға өзінің қомақты үлесін қосқан, сонымен қатар отандық философия тарихын зерттеуге атсалысып жүрген ғалым. Қазақ философиясы, қазақи дүниетаным, шығыс философиясы, әлеуметтік философия және әлеуметтік таным сынды философияның күрделі мәселелерімен айналысады, ғылыми зерттеулер жүргізеді. Осындай еңбектері үшін ҚР көптеген құрмет грамоталары мен медальдарымен марапатталған.

1943 жылы 5 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген.
М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Әлеуметтану ғылымдары академиясының, Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі.
1969-1978 жылдары - Жамбыл педагогикалық институтының, Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтының аға оқытушысы. 1978-1988 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы Кәсіби біліктілікті арттыру институтының доценті. 1988-1991 жылдары - Алматы сәулет-құрылыс институты философия кафедрасының меңгерушісі. 1991-1994 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы Кәсіби біліктілікті арттыру институтының директоры  болды және 1992 жылдан қазақ және шетел философиясы кафедрасын  басқарды, 1998 жылдан - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры,   1995-1998 жылдары - І.Жансүгіров атындағы Талдықорған университетінің ректоры. 2000 жылдан Қазақ мемлекеттік заң университетінің кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Қазіргі уақытта   І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры.

 Аманжол Қасабекұлы Қазақстандағы философиялық зерттеулерді заман талабына сай жаңа деңгейге сай көтеріп, дәстүрлер сабақтастығын сақтай отырып, тарихи-философиялық пәндерді уақыт сұранысына байланысты қайтадан қарап, қазақ философиясының тарихы мен заманауи философиялық мәселелерді қарастыратын жаңа ғылыми бағыттың негізін қалады. А.Қ. Қасабек қазақ халқының бай рухани мұрасына сүйеніп, философия тарихының заманауи мәселелерін зерттеуді дамытуға ықпал етті. Ол Қазақстанда ғана емес, басқа да елдерде танымал болған «Социальная деятельность и социальное познание», «Искание истиын», «Қазақ философиясы», «Тарихи-философиялық таным», «Шығыс философиясы», «Личностный характер философского познания», «Ғылым философиясы», «Құқық философиясы» секілді  оқу және ғылыми басылымдарының авторы болып табылады. Негізгі еңбектері: «Социальная деятельность, социальное познание» 1987, «Қазақ философиясы» 1996, қосавторлықта «Философия және мәдениеттану» 1997, «Искание истины», «Восточная философия» 2001.