Кішібеков Досмұхамбет

философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің және Қорқыт ата атындағы Қызылорда, Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеттерінің құрметті профессоры, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі. 50 монография, оқулықтар, кітапшалар, жалпы көлемі 670-тен астам басылымдардың авторы. Ғалым К. Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан республикасы жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, «Халықтар достығы» орденімен, мемлекеттік медальдармен марапатталған. Қазақ халқының тарихына алғашқылардың бірі болып философиялық сараптау жасап, көшпенділіктен жаңа өмірге өту үрдісін мазмұнды талдаған. Қазақ халқының ғасырдың аяғында тағы да бір өтпелі кезеңнен өту үрдісіне байланысты ғалым бүгінгі таңдағы өзгерістерді сараптап, нақтылы да тиімді ұсыныстар беруде. Атап айтқанда, К. Пікірінше қазіргі таңдағы Қазақстан жағдайындағы жаңару мен дамудың негізі – қазақстандық патриотизмде деген тұжырым жасайды. Негізгі еңбектері: Философия, Кочевое общество: генезис, развитие, упадок 1984, Национальная идея и идеология 2007.