Қасымжанов Ағын Хайроллаұлы

(1931-2000) – ғалым, философ, педагог, профессор, Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі. ҚазҰҰ – дың философия факультетінің 1949-1954 оқу жылдарындағы алғашқы түлегі. 1993 ж Қ. ҚазҰУ-ның жанында әл-Фараби ғылыми орталығын құрып, соның директорлық қызметін атқарды. Данышпан Әбу-Насыр әл-Фарабиді тарихи отанына қайтару жолында зор еңбек етіп, аты отандық философия тарихында алтын әріппен жазылған бірегей ғалым, фарабитанушы. Өзінің осы бағыттағы алғашқы жұмысын XX ғасырдың 70 – жылдары Әл-Фараби мұраларын зерттеулерден бастады. Қазіргі уақытта оның әл-Фарабиге арнаған 4 монографиясы, 10 кітапшасы, 30-дан астам ғылыми мақалалары бар. 1996-1997 жж Қ. Америка Құрама Штатына арнайы Фулбрайт фонды степендиясымен Оклохома Мемлекеттік университетіне дәріс оқуға шақырылады. Профессор Бостон, Оклохома, Тегеран университеттерінде ғылыми халықаралық республикалық конференциялар ұйымдастырып, дәрістер оқыды. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан республикасының ғалым философтарымен тығыз байланыста болды. Осы университет студенттері мен оқытушыларына Қ. оқыған дәрістерінің тақырыбы: «Дала өркениеті», «Орталық Азия мәдениетіне кіріспе», «Единство тюркских народов и Туркистана», «Древние корни политической традиции Средней Азии», «Нравственное начало в сочинениях аль-Фараби и Юсуфа Баласагуни». Осы университеттің белгілі профессоры Кит Трибл Қ. оқыған дәрістерді ағылшын тіліне аударып үлкен кітап етіп шығарды. АҚШ-та жүріп Қ. Стил-Уотерде «Возрождение средневековой культуры» атты халықаралық конференция ұйымдастырды. «Қазақ философиясының» шынайы тарихын қалыптастыру мүмкін екенін алғаш ұққан ғалымдардың бірі. Оның ғылыми атағы мен беделі Қазақстан Республикасынан да тысқары кеңінен тарап, одаққа танымал талантты қазақ философы атанды. Қ. философиялық ой тербелісінің өзегі - қазақ мәдениеті мен философиясы, Әл-Фараби мұралары. Философ қазақстандық мәдениеттанудың қалыптасуындағы маңызды рөл атқарған «дала өркениеті» ұғымын ғылыми айналымға енгізді. Қ. Еңбектері қазақ, орыс тілдерінде сондай ақ ағылшын, араб, поляк, португал, фин, француз, чех тілдерінде жарық көрді. Негізгі шығармалары: «Қазақ халқының рухани мұралары», «Қазақ», «Портреты: штрихи к истории степи», «Стелы Коша-Цайдама», «Простраство и время великих традиций». Қ. тікелей ғылыми басшылығымен әл-Фарабидің бірнеше шығармалары қазақ-орыс тілдерінде жарық көрді: «Философиялық трактаттар», «Әлеуметтік-этикалық трактаттары», «Логикалық трактаттар», «Математикалық трактаттары» т.б. ҚАСЫМЖАНОВ Ағын Хайроллаұлы (1931–2000). Философия ғылым- дарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың философия бөлімін 1954 ж. алғашқылардың бірі болып үздік бітіріп шы- ғады. Университеттің аспирантурасын аяқтағаннан кейін 1957–1963 жж. ҚазКСР Ғылым Академиясының философия және құқық институтының кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істейді. 1960 ж. Мәскеудегі КСРО Ғылым Академиясының философия институтында «В.И. Лениннің «Фило- со-фиялық дәптерлерінде» диалектика, логика және таным теориясының сәйкестігі мәселесін байыптауы» атты тақырыпта кандидаттық диссерта- циясын қорғайды. 1963-1966 жж. ҚазМУ-дың доценті. А.Х.Қ. Мәскеу қала- сында 1969 ж. «Диалектиканың логикалық аспектілері» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғайды. 1970 ж. ҚазКСР Ғылым Академиясы- ның ең жас корреспондент-мүшесі болып сайланады. Осы жылдары А.Х. Қ. жетекшілігімен әл-Фарабидің философиялық, әлеуметтік-этикалық, логи- калық трактаттары алғаш рет араб тілінен қазақ және орыс тілдеріне ауда- рылып, жарық көрді және ғылыми айналымға енді. 1976–1977 жж. А.Х. Қ. ҚазМУ-дың философия және экономика факультетінің деканы, 1977– 1983 жж. ҚазМУ жанындағы жоғарғы оқу орындары оқытушыларының біліктілігін жетілдіру институтының директоры, 1983–1986 жж. ҚазМУ-дің философия тарихы және логика кафедрасының меңгерушісі. 1993 ж. А.Х. Қ. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің жанында «Әл-Фараби және қазақ хал- қының рухани мұрасы» атты республикалық ғылыми-зерттеу және оқу- әдістемелік орталығын құрып, ұлы ғұлама-ойшылдың мұраларын түбегейлі зерттеуге жол ашады. 1996–1997 жж. Фулбрайт қорының шақыртуымен А.Х. Қ. Оклохома Мемлекеттік университетінде (АҚШ) «Дала өркениеті», «Орталық Азия мәдениеттануына кіріспе» атты тақырыптарында дәрістер оқиды және Стил-Уотерде (АҚШ) «Ортағасырлық мәдениеттің қайта жаңғыруы» атты халықаралық ғылыми конференцияны ұйымдастырады. А.Х. Қ. 1994 ж. бастап 2000 ж. дейін ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультетінің философия және әлеуметтік таным әдіснамасы кафедрасы- ның меңгерушісі қызметін атқарды.
Негізгі еңбектері: «Аль-Фараби в истории культуры» (1975), А.Ж. Келбұғанов, К.М Сатыбалдинамен «Круги в познании: ленинское учение о единстве исторического и логического» (1977), А.Ж. Келбұғановпен «О культуре мышления» (1981), «Аль-Фараби» (1982, 1997), «Қазақ» (1993), «Портреты: Штрихи к истории Степи» (1995, 1997), «Стелы Кошо-Цайдама» (1998), «Портреты. Степь глазами извне: от Геродота до Гумбольдта» (2001) және т. б.