Ермеков Құрамыс Ермекұлы

философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғәлеуметтік ғылымдар академиясының мүшесі, академик, орыс, неміс және ағылшын тілдерін жете меңгерген ғалым, 1994-1995 ж Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 1975 ж. Мәскеудегі Қоғамдық ғылымдар академиясында кандидаттық диссертация, ал 1992 ж. Ресей Басқару Академиясында докторлық диссертация қорғаған. Е.Қ. басшылығымен 1995 жылдан бастап, Атырау университетінде философия пәнінен аспирантура ашылды. Ғалым «Қазақ ССР-інің ағарту ісінің озығы», «КССРО-ның озық лекторы» белгілерімен «Айбынды еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне он жыл» медальдарымен, КССРО және ҚР- ның Жоғарғы кеңестерінің басқа да көптеген Үкіметтің және Атырау облысының Құрмет грамоталарымен марапатталаған. Е.Қ. техникалық жоғарғы оқу студенттеріне арналған оқулықтарында техникалық мамандықтарды игерген студент үшін гуманитарлық пәннің, әсіресе философияның маңыздылығымен байланыстылығын, сабақтастығын, жете зерттеп жүрген ғалым. Монографиялары: «Карл Корштың философиясы және қазіргі заман» 1992, «Альтернатива» 1997, «Философия және табиғаттану» 2002, «Қорқыт ата – ойшыл философ» 2002, «Тарих және философия» 2000. Оқулықтары: «Философия» 1998, «Философия негіздері» 2001.